Теміржолының дамуына үлес қосқан үздіктерді марапаттады

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Көкте Туын желбіретіп, төрде Елтаңбасын тұғырға қондырған Тәуелсіздік мерекесін қызылордалық теміржолшылар Әнұранмен бастап, аймақ теміржолының дамуына үлес қосқан үздіктерді марапаттады.

Теміржолшылардың еселі еңбегіне жарияланған алғыстың басы Инвестиция және даму министрлігінен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Қызылорда қаласы және облыс әкімдігінен, «Нұр Отан» және Қызылорда ЖТ бөлімшесі директоры мен бөлімшенің кәсіподағы ұйымы атынан берілді.

Марапат жауғандай әсерге бөлеген салтанатты құттықтау сөз сөйлеп ашқан Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев Қызылорда локомотив пайдалану депосының теміржолшысы А.Жарасбаев пен бөлімше директорының орынбасары А.Ермановқа «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісін тағып, аймақ теміржолының дамуына әрқайсысының үлесі мол екенін жеткізді.

Бөлімше басшылары аймақтағы мекеме басшыларымен, кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен кеңесіп, мерекелік құттықтауға биыл өзгеше әзірлік жасапты. Әрбір еңбекте озат теміржолшыны елеусіз қалдырмапты. Сонымен қатар жұмысқа қатысты ескерту алған 318 теміржолшының тәртіптік жазасы кешірілген екен.

Теміржолшылардың салтанатты шарасы бөлімшенің кәсіподақ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен облыстық өнер ұйымдарының мерекелік ән-шашуына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.