Теологтар түсінік берді

Куаныш Кожаев

Куаныш Кожаев

Жуырда Аягөз қаласындағы теміржол мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша жиындар өтіп, шара барысында теолог мамандар сала қызметкерлеріне жан-жақты түсінік берді.

Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясында өткен кездесу барысында дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері, әсіресе жас буынды дәстүрлі емес, деструктивті діни ағымдардан сақтану және радикалды ұйымдардың қанат жаюына жол бермеу жөнінде кеңес өткізді. Бұл орайда, атабабаларымыздан рухани мұра болып келе жатқан дәстүрлі Ханафи мәзхабының ел тұтастығына қосар үлесі жайында тоқталған теологтар, еліміз бойынша тыйым салынған экстремистік ұйымдар жұмысы мен жат ағым өкілдерінің сипатына, ұстанымына, қоғамның прогрессивті дамуына және зайырлылық принциптеріне кереғар пікірлеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, заңсыз миссионерлік жұмыс жүргізудің жауапкершілігі мен қоғамдық орындарда күдікті зат көрген жағдайда әрекет ету тәртібі де түсіндірілді. ШЧ-30 – белгі беру-байланыс дистанциясының теміржолшылары көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Дәл осындай басқосулар шаһардағы ТЧЭ-25 – Аягөз локомотив пайдалану депосы мен локомотив жөндеу депосында және Аягөз вагон жөндеу депосында да болып өтіп, теолог мамандар дәрісін үлкен қызығушылықпен тыңдады.