Түйсігі алдамапты

Түбек теміржолшысы өзінің қырағылығының арқасында теміржолдағы болуы мүмкін қауіптің алдын алды. Ол Маңғыстау станциясына келіп тоқтаған жүк пойызына техникалық қызмет көрсету кезінде автотіркегіштегі жарықты анықтады.

Ақаулықты Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Қостай Әбиев өзінің кешкі ауысымдағы жұмысы барысында станцияға тоқтаған №2102 жүк пойызының №52615796 вагонын тексеріс уақытында табады.

− 16 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшыға бұл ақаулықты анықтау ондай қиынға түспепті. Кәсіби біліктілігіне сүйеніп автотіркегіште қандай да бір кемшілік барын бір қарағаннан-ақ сезген оның түйсігі алдамапты. Күдікті жерге мұқият зер салып, автотіркегіште көлемі шамамен 150 мм-лік жарық бар екенін көреді. Дереу тиісті жерге хабар беріп, қажетті шаралар қолға алынды. Бұл – әріптесіміздің биылғы жылы тапқан ең ірі ақауы, – дейді осы жөнінде ақпар берген аға вагон қараушы Азамат Елубаев.

Айта кетейік, аталған дерек «Бүйірлік рамаларға бақылау жүргізу» айлығына дейін кездесіп отыр. Айлық желтоқсан айының 23-і күні басталды. Төрт ай бойына жалғасады. Бұл уақыт аралығында бүйірлік рамаларға бақылау жүргізу бұрынғыдан да қатаңдатылмақ.