Үздік қызметкерлерді марапаттады

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үздік қызметкерлерін марапаттады. Компанияның барлық филиалдарын қоса алғанда 170 қызметкер түрлі марапаттарға ие болды.

Солардың бірқатары арнайы бас ғимаратқа шақырылып, марапаттарын акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Михаэль Кортюмнің қолынан алды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ экономика және тасымал есебі департаментінің 1 дәрежелі бас менеджері Боган Ерекеноваға, компанияның сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Ботагөз Әкімоваға, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Ақмола филиалының жылжымалы құрам электр жабдықтарын жөндеу электр-слесарі Сергей Прокопенкоға берілді. Сонымен қаттар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының «Құрмет грамотасы» экономика және тасымал есебі департаментінің 1 дәрежелі менеджері Мақпал Ахметоваға, қоғамның бухгалтерлік есеп департаментінің 1 дәрежелі менеджері Жұлдызай Иманжановаға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Алғыс хаты қозғалыс қауіпсіздігі, жедел жұмыстар және жылжымалы құрам департаментінің 1 дәрежелі менеджері Қайырбек Тәжібековке табысталды. Ал техникалық мәселелер және өндірістік оқыту бойынша аға инструктор Бауыржан Аяпбергенов, өндірістік техникалық бөлім бастығы Медет Хасенов, электр пойызы машинисі Мақсұт Рысбеков, вагон қараушы және жөндеуші Қасымбек Қазов атаулы сағатпен марапатталды. Сонымен бірге басқарма басшысының Құрмет грамотасы 3 дәрежелі менеджер Әйгерім Қабдулинаға, басқарма төрағасының Алғыс хаты сондай менеджер қызметіндегі Айгүл Дәрібаеваға салтанатты түрде табыс етілді.