Цифрлы темір жол: «Қағазсыз» ғасыр кеңістігінде

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Цифрландыру – бүгінгі таңда барлық ірі холдингтер мен мекемелердің басты даму векторына айналды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында «Цифрлы темір жол» бағдарламасы бойынша жиырмаға жуық жоба қолға алынған. Олар жолаушылар, жүк және мультимодальді тасымалға, инфрақұрылымның өзіне және корпоративішілік қызметке байланысты. Жаңа технологиялардың арқасында өндірістік көрсеткіштер он есеге дейін жақсарды.

Компания 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы теміржол» стратегиясын жасады. Оған 21 жоба кіреді. Оның екеуі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енген. Стратегияда жүк, жолаушы, мультимодальдық тасымал, теміржол инфрақұрылымы, корпоративтік басқару қамтылды. Жолаушылар тасымалында тапсырыс берушілерге көрсетілетін қызмет сапасын көтеру көзделген. Жолаушылар тасымалында электронды билет алу технологиясы баламалы түрде интернет ресурсын пайда лану арқылы жүргізілді. Пойыздардағы орындар ашық, «күту парағы» және «пойыздар рейтингі» арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда клиенттерді орталықтандырылған тапсырыс беру желісі 24/7 арқылы жасалып, тапсырыс берушілердің арыз-шағымдары жедел қаралады. Мультимодальдық тасымалды цифрландыру транзиттік контейнерлік тасымалды өсіреді. Тапсырыс беруді өңдеу мен аса оңтайлы логистикалық бағдарды анықтаудың ықпалдасқан платформасы енгізілуде. Мультимодальдық тасымалды басқару «бір терезе» әдісімен жасала бастады. Жүк тасымалында жүктің қайда екенін бақылап отыруға мүмкіндік беретін онлайн қызметі енгізілді. Жүкті сақтауға электронды құлып қызметі жасалды. Жүк тасымалына 100 процент «қағазсыз» тапсырыс беріледі. Басқа теміржол әкімшіліктерімен шекаралық өту үдерісі оңтайландырылды. Жүктерді тиісті жедел жеткізу қамтамасыз етілуде. Компанияда «Цифрлы теміржол» аясында шығындарды оңтайландыру, жолдың диагностикалық жағдайын тексеру, пойыздардың қозғалысын бір орталықтан басқарудан бөлек, «Цифрлы вокзал» жобасымен 17 вокзал қамтылуда. Алдын ала бағалау қорытындысына қарағанда, Стратегиялық цифрлы темір жол жобасын жүзеге асыру барысында экономикалық тиімділік 115 млрд теңге болады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын табысты тиімді жүзеге асыру еліміздің логистикалық дамуын да жақсарта түседі. Бүгінгі таңда Қазақстан темір жолындағы жаңартылған «Цифрлы трансформация» бағдарламасы бойынша кадрлық әлеуетті арттыру, цифрлы технологияларды енгізу арқылы бизнес үдерістерді автоматтандыру және жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда. Аталған бағдарлама портфелі 13 стратегиялық бастамадан тұрады. Оның ішінде операциялық қызмет пен тасымал үдерісі тиімділігін арттыру, транзиттік тасымалды арттыру, ақпараттық технологияларды тиімді басқару, логистика мен жолаушылар тасымалын дамыту, темір жол инфрақұрылымын жаңғырту, сатып алудың жаңа үлгілерін енгізу бағыттары бар. Аталған бастамалар 15 жоба және 34 шарадан тұрады. Бұлар өндірістік қауіпсіздікті, корпоративтік мәдениеттілікті және қызметкерлер әлеуетін арттыруға бағытталған. Жаңартылған «Цифрлы трансформация» бағдарламасын жүзеге асыру компанияны жаңа даму деңгейіне көтерді деп айтуға толық мүмкіндік бар.

Барша