Ардагердің алғысы

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, партия «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев 83 жастағы сала ардагері Раиса Любимованың отбасына дәрігерлерді ерте барды.

Сондай-ақ, бөлімше кәсіподағы ұйымы атынан зейнеткерге арналған азық-түлік себеті тарту етілді. Аймақтың бас теміржолшысының сала ардагерінің үйіне дәрігерлерді ертіп баруына жалғызбасты қарияның денсаулығына байланысты дәрігерлердің көмегін қажетсінуі себеп болған екен.

Өмірінің 30 жылын Қызылорда станциясында өткерген зейнеткер Раиса Любимова қазіргі таңда жалғыз. Қарияның екі қызының бірі ерте жасында қайтыс болса, екінші қызымен анасының арасындағы байланыс үзілген. Ол

қызынан туған балалары да әжесіне қарайласпайды екен. Жағдайын сұрап барғанға алғашында қарт ана кішкене баладай қуанып қалды. Көңіл-күйі көтеріліп, еңбек еткен күндерін бір сәт есіне алып, көңілі бұзылып көзіне жас та алды. Кәсіподақтың демеушілігімен әкелінген азық-түлікті көрген қарт ана алғысын жаудырып, рахметін айтты.

– Сәл денсаулығым сыр беріп ауырып қалғаным болмаса, жағдайым жақсы. «Nur Otan» атынан келіп, біздей ардагердерді назардан тыс қалдырмай отырған Елбасының саясатына ризашылығымды білдіремін. Зейнетке шыққан мекемеден келіп, ар найы жағдайымды сұрап көңіл бөлісіп жатқан мекеме басшылығына алғысым шексіз,– деп ризашылығын білдірді сала ардагері.