Құрылғылар сенімділігін арттыру – кешенді жүзеге асуда

Үштөбе белгі беру және байланыс дистанциясында техникалық құрылғылардың сенімділігін арттыру бойынша барлық жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, іс-шаралар екі маңызды сәтті қамтиды: техникалық және адам факторының сенімділігін арттыру.

 Дистанцияда жылдар бойы осы салаға маманданған өз ісінің шеберлері жұмыс істейді, олардың ісәрекеттері кәсіпорынды дамытуға, технологиялық процесті әзірлеу бойынша практикалық шешімдер қабылдауға бағытталған. Биылғы қысқа мұқият дайындалған байланысшылар 10 бағдаршамда монтаждау жұмыстарын жүргізіп, бөлшек-тетіктерін ауыстырды. 30 электр жетектеріндегі монтаждау жұмыстары 33 электр жетекті құрап, асыра орындалды.

МСП типті электр қозғалтқыштарды ауыстыру жоспардағы 30 дана орнына 51 данаға дейін жеткізіліп, ол да асыра орындалды. Электр жетектерін жөндеу мен ауыстыру көлемі де жоспарлағаннан анағұрлым артық жасалды.

Сонымен қатар, 4 батарея шкафы, 10 жол қорабы, 710 метр төмен оқшауланған кабельдер ауыстырылды. Жазғы кезеңде МТ-1 маятниктерін барлық аралық сигналдық нүктелері бойынша ДИМ типті қазіргі заманғы байланыссыз аспаптарға ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды. Айнабұлақ станциясынан Дос станциясына дейінгі учаскеде габаритке келтіру үшін аралық сигналдарды көтеру жұмысы жүргізілді. Айнабұлақ, Сарыөзек, Малайсары, Тары, Алтындала, Көксу және Биже станциялары бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Релелік шкафта МТ-1 маятникті трансмиттері ДИМ байланыссыз аспабына және КПТШ кодты жол трансмиттері байланыссыз ТМ-15ке ауыстырылған. Дистанция мамандары Қазақстанда өндірілетін жаңа құралдар тәжірибелік пайдалану барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткенін растайды. Бұл аспаптарды орнатқаннан кейін құрылғылардың істен шығуы аз болады дейді, учаскедегі АЛСН істен шығуы да азайған, бұл әрине, өз кезегінде ЖАТиС жүйелерінің сенімділігін арттырады. Қазіргі уақытта дистанция мамандары жаңа АБН аккумуляторларының келуін күтуде екен, оларды СОБ құрылғыларында ауыстыру қажет және сол арқылы құрылғылар қысқы жұмысқа толық дайын деп айтуға болады.

– Қазір материалдар күтудеміз. Әлі күнге дейін СОБ және байланыс кабельдері, джемперлік бөгеттер, жарықдиодты модульдер мен АБН аккумуляторлары толық алынбады. Осы материалдар келгеннен кейін әр күнді тиімді пайдалануға тырысып, осы жұмыспен айналысамыз. ЦШ жоспарына сәйкес біз автобұғаттаудың аралық жүйелерін жаңғыртуды жүргіздік. Бағдаршамнан бастап, линзалық жинақтарды жарықдиодтыға ауыстырдық, – деді Үштөбе белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Туғанбек Ахметов.