Тоқсан жастағы теміржолшы

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе өңірінің теміржолшыларына Шәудіровтер әулеті жақсы таныс. Отбасының тіршілігі екі ғасыр бойы теміржолмен біте қайнасып жатыр. Ел экономикасының күретамыры саналатын күрделі салада бұл әулеттің ондаған мүшесі еңбек етеді.

Бүгінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Қарауылкелді елді мекенінде тұрып жатқан Құлатай Шәудіров – осы әулеттің басшысы. Биыл 90 жасқа толып отырған теміржолшыны әңгімеге тартып, тарлан тарихқа сусындадық. 1929 жылы дүниеге келген Құлатай Қартұлының балалық шағы Ақтөбе облысының Темір ауданы Аққұдық ауылының маңында өткен екен.

«1935 жылы Байғанин ауданына теміржол кіре бастады. Әкем – ел аумағында адам қолымен салынған алғаш теміржол құрылысына қатысқан адам. Ол кезде бала болсақ та құрылыстың қалай жүргені көз алдымызда қалған. Өзім теміржолда 43 жыл еңбек еттім. 1947 жылы темір жол дистанциясына жұмысқа кірдім. Кейін Орынбордағы теміржол институтын тәмамдап, қозғалыс саласына ауысып, станция бастығы болып қызмет еттім. Ол кезде бес жолды станцияда қатынас бірнеше есеге көп болатын. Вагондарды сыйғыза алмай жататынбыз. Тәулігіне 200 вагонмен жүк жөнелтетін едік», – деп еске алады Құлатай Шәудіров.

Ардагер кезінде Гурьев бекінісі атанған Атырау облысының аумағында еңбек еткен. Он жылдан аса Мұқыр станциясын басқарып, өңірде қауіпсіздік ревизоры да болып қызмет атқарды. 1969 жылы Қарауылкелді станциясына ауысып, ұзақ жыл осы станцияны басқарды. Осы жылдар ішінде талай шәкірт тәрбиелеп өсіргенін мақтан етеді. Теміржол саласының тарланы Амангелді Селбаев та Құлатай атаның шәкірттерінің бірі болға-нын біреу білсе, біреу білмес.

«Амангелді Селбаев – Мұқырда- ғы шәкірттерімнің бірі. Оқудан келгеннен кейін екі айлық еңбек тәжірибесін бастап, менің қолымда жұмысқа араласты. Жастайынан кішіпейіл, көпшіл болатын, кейін бөлімше басшысына дейін өсті», – дейді Құлатай атамыз.

Қарт теміржолшының балалары да атакәсіптің құлағын ұстаған. Ынтымағы ұйысқан Шәудіровтер әулетінің еселі еңбегі елге үлгі. Ардақ