Бадам бекетіне көпір қажет

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шағын ғана Бадам станциясы 3-ші класты. Қазіргі таңда станциядағы ең үлкен мәселенің бірі – теміржолдан өтетін жол мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір жоқтығы болып отыр.

Сонымен қатар, станцияда темір қоршаулардың болмауы да қауіпсіздікке қатер болып тұр. Жергілікті халық төрт түлігін қараусыз жіберіп, жол апатына себепкер болатынын қаперге алмайтыны теміржолшыларды талай қынжылтқан. Бадам шағын 3 класты станция болғанымен мұндағы өткелден көліктер өте жиі өтеді. Сол себепті мамандар алдағы уақытта станцияға автомобиль көпірі немесе тоннель құрылысын салу қажет екенін айтады.

Жыл басынан бері аталған станциядан 42633 тоннаны құрайтын 710 вагон өткен. Жоспар бойынша 2423 вагон түсірілу керек болса, орындалғаны – 1981 вагон. Ал статикалық жүктеме 60,05, яғни 106,20% құраса, КТТ вагондарына жүк тиеу 500 бірлікті құраған.

– Станция шағын, бар болғаны 7 адам қызмет етеді. Қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы мен қалыпқа келтіретін кешенді шараларды ай сайын жүргізіп отырамыз. Пойыз қозғалысы мен маневр жұмыстары мен кірме жолдағы бағдаршамдарға қатысты кідірулер болған жоқ. Еңбек қорғау және қауіпсіздік барысында да өндірістік жарақаттар орын алмады. Станцияда жұмыс барысында ешқандай да бұзушылықтарға жол берілмеді. Алда қысқа дайындық жұмыстары толығымен қамтылып, жылуды қостық. Теміржолшылар қысқы киіммен жеткілікті түрде қамтамасыз етілді, – дейді станция басшысы Серік Елмұратов.