«Қыс-2019» оқу-жаттығуы өтті

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

«ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ Атырау ЖТ бөлімшесі мен Атырау магистральдық желі бөлімшесі «Қыс мезгілі жағдайында төтенше жағдай зардаптарын жою барысында құтқару және басқа да жұмыстардың дайындығы мен жүргізілуі» тақырыбында «Қыс-2019» республикалық командаштабтық оқу-жаттығуына қатысты.

Жүк тасымалы бөлімшесі бойынша Азаматтық қорғаныс штабы құрылды. Штаб бастығы, Атырау ЖТ бөлімшесі директорының АСУ бойынша орынбасары С.Қабдешев барлық күштер мен құрылымдардың дайындығын мәлімдеді. Оқу-жаттығу жұмыстары барысында ЖТ және МЖБ жауапты мамандарынан тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Оқуды сапалы өткізу мақсатында мекеме басшылары Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы ғимаратында жиналды. Іс жүзінде орындалатын арнайы тактикалық жаттығуларға сәйкес, қатты қардың борауынан Сағыз темір жол вокзалының жұмыс режимі бұзылып (тоқ көзі, байланыс, жылу жүйелері), оның үстіне Сағыз-Ақтөбе темір жолы аралығында «Атырау-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы орта жолда қалған кездегі авариялық-құтқару қызметтерінің және ауданның басқару органдарының басшылық жасау қабілеті мен қабылдайтын шешімдері қадағаланды. «Дабыл-1001» «Үзіліс-3003». «Мұздық-4004». «Аспан-5005» дабылдары да беріліп, қабылданды. Шараға барлық құрылымдық бөлімшелер мен арнайы техникалары қатысты. Бөлімшеде «Қыс-2019» оқу-жаттығуы өз деңгейінде ескертусіз өтті.