Қыстың аты - қыс

Оңтүстік өңірге қалың қар түсе қойған жоқ және жалпы табиғаты жылы өңір саналады. Әйтсе де, қыстың аты – қыс. Сондықтан табиғаттың қатал маусымына дайындық жасап, жол қозғалысының қауіпсіз, рельстердің ақаусыз болуы, техникалардың жеткілікті әрі сақадай сай болуы үшін барлық жағдай жасалуда.

Мысалы, Шымкент жол дистанциясының қысқа әзірлігі қалай десек, жолшылар қыс мезгілінде қандай да бір қиындық туындамас үшін кез келген кедергінің алдын алуға күш салуда. Айталық, жасанды құрылыстар мен жер төсемдерін тексеру барысында мамандар 4 темір көпір, 84 темірбетон көпір, 189 темірбетон құбыр, 34 бетон құбыр мен 3 жаяу жүргіншілер көпірін мұқият қарап шықты. Жолшылар 42 құбырды шөптен тазалап, 19 құбырдың тоттанған жерлерін тазалады.

Қысқа дайындық мұнымен тоқтамады. Дистанцияға қарасты 48 өндірістік ғимарат тексеріліп, 76 кемшілік табылып, оның 56-сы ретке келтіріліпті. Өндірістік ғимараттардағы кемшілікті жоюға 15 текше метр тақтай ағаш, 80 шаршы метр темір қаңылтыр, 15 орама руберойд, 200 шаршы метр линолеум, 100 текше метр терезе әйнегі мен 1000 дана кірпіш қажеттігі анықталды. Жеткізілгені жеткізілгендей жаңартыла бермек. Күнделікті қолданатын құрал-саймандар жөнделіп, балға, күректің саптары ауыстырылған.

Сонымен қатар, дистанцияда рельстердің тозған, тозбағанын анықтайтын 12 ақаутапқыш арба жұмыс істейді.Олар: ПОИСК-2 – 2 дана , РДМ-2 – 1 дана және РДМ-1 – 3 дана, АВИКОН-31 – 2 дана, РДМ-22 – 5 дана, РДМ-33 – 1 дана, Пеленг-102 – 1 дана. Мамандардың айтуынша, ақаутапқыш арбалардың дұрыс жұмыс істеуі үшін РДМ-22 түрлендіргіш блогынан 20 дана, акуммулятор 20 амп – 7 дана, РДМ-22 орталықтандыру жүйесінен 10 дана қажет көрінеді.

Сондай-ақ, 15 автомашина мен механизмдердің қыс уақытында қалыпты жұмыс істеулері үшін: дәнекерлейтін агрегат САК – 3112 – 1 дана, бензоагрегат АБ-4-1/230 – 10 дана, темір дәнекерлеуші аппарат ТД 500 – 1 дана, гидравликалық ажыратқыш құрылғы – 28 дана, гидравликалық домкраттар ДГП-8 – 30 дана, рельс кесетін станок «Жейсмар» К 1250 – 10 дана, электрлі ажарлаушы «Жейсмар» МТХ 350 – 10, рельс тесетін станок «Жейсмар» РR-7 – 10, ағаш тесетін электрлі аспап – 2, жол ығысуын түзейтін гидравликалық құрылғы – 1, кабель арматура – АЭС – 50 м, автомашина УАЗ фермер – 6, автомашина ГАЗ-53 – 2, жеңіл автомобиль – 1, МПТ-4 жол машинасы – 1, рельстің температуралық режимін реттеуге қолданатын гидравликалық пресс – 1 дана қажет деп отыр.

Мекемеде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша жыл басынан бері жіберілген кемшіліктердің 85% жойылған