Вахталық пойыз шықты

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Енді Атырау вокзалынан Атырау-Қарабатан-Заводская бағытында қаладан 40 шақырым жердегі Қарабатан зауытында және Заводская газхимиялық кешенінде ауысыммен жұмыс жасайтын жұмысшыларды тасымалдауға арналған вахталық жаңа жолаушылар пойызы жүретін болды.

Жаңа жұмысшы пойызын жолға шығарған Жолаушылар тасымалы нарығында көптен келе жатқан бұл компания «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС барлық технологиялық талаптарға жауап береді. Компания директорының орынбасары Қуандық Оспановтың айтуынша, компания тек Қазақстан ғана емес, ТМД елдеріне де өз қызметін ұсынып келеді. Ал Атырау өңірінде «Теңізшевройл», «СНПСАқтөбемұнайгаз», «Ембімұнайгаз» секілді компаниялармен, сонымен қатар басқа да кәсіпорындармен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді.

Компания бұған дейін де Құлсары қаласына дейін Теңіз кенішінде жұмыс жасайтын жұмысшыларды тасымалдаумен айналысып келеді. Мұнда тәулігіне 500-600 жұмысшы тасымалданады.