TEAM BUILDING – корпоративтік шара

 Бірыңғай корпоративтік рух – бұл мықты компанияның негізі! Осыны берік ұстанатын «KTZ Express» АҚ қызметкерлері біртұтас корпоративті ұжым ретінде командалық рухты нығайтуға бағытталған Team Building корпоративтік тренингке қатысты.

Осы шара аясында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Соколовтың және KTZ Express басшылығының қатысуымен speakup сессиясы өткізілді. Соның аясында компания қызметкерлері барлық өздеріне қажет сұрақтарды басшыларға тікелей қойып, жұмыс барысында қажет болатын кеңестер ала алды.

Сонымен қатар, корпоративтік іс-шара кезінде барлық қызметкерлер спорттық эстафеталық жарыстарға қатысты, нәтижесінде жеңіске жеткен командалар диплом және естелік сыйлықтарымен марапатталды.