Терроризм қаупінен сақтандырды

Асел Танатарова

Асел Танатарова

Тараз-Шу арасындағы темір жол телімі бойында республикалық жедел-тактикалық оқужаттығуы өткізілді.

«Антитеррор-теміржол-2019» деп аталатын шара барысында мемлекеттік органдардың темір жол инфрақұрылымы нысандарында терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығуда теміржол инфрақұрылымы нысандарының терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер пойыздың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.

«Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды деген ойдамыз. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар жолаушылардың қауіпсіздігін нығайтып, болат жолдың бойында орын алатын қылмыстарды азайтады», – дейді Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік жөніндегі мамандары.