Маңғыстауда екі күндік семинар кеңес өтті

Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде автоматтандырылған басқару жүйесі және ақпараттық жүйе жұмысы (АСУ ИС) туралы екі күндік семинар кеңес өтті.

Жиынға «ҚТЖ-ЖТ» АҚ тасымалдау процесінің технологиялық жүйелер департаментінің директоры Ирина Савушкина төрағалық етті. «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ техникалық саясатына сәйкес ұйымдастырылған семинар мақсаты – тақырып аясында теорияны тәжірибемен ұштастыру. Шараға түбек теміржолшыларымен қоса Қостанай, Орал, Атырау және Илецк ЖТ бөлімшелерінен басқару аппараты өкілдері мен инженерлік техникалық жұмысшықызметкерлер, атап айтқанда, тауар кассирлері, жетекші инженерлер, жүк қабылдап-жөнелтушілер, техникалық кеңселер бастықтары, локомотив диспетчерлері қатысты. Семинардың алғашқы күнінде салаға қатысты он шақты тақырыпта баяндамалар жасалса, екінші күні практикалық бағытта өтті.

Семинарды Маңғыстау ЖТ бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев сөз сөйлеп ашып берді. Жиын барысында сонымен қатар компанияның 2025 жылға дейінгі ақпараттық технологияларды дамыту Стратегиясы – «Цифрлы темір жол» бойынша мәселелер, станцияның жергілікті басқару үшін қажет цифрлық құралдары, АСУ ДКР жұмысының нәтижелері, АСУ ЭДТ модульдерін дамыту және т.б жайлар қарастырылып, талқыланды. Семинардың бағдарламасына сай талдау тапсырмаларын шешуге бағытталған тренингтер мен іскерлік ойындар өткізілді. Ақпараттық технология саласындағы ең басты деген тақырыптарды, атап айтқанда, Цифрлы трансформация қайта құру бағдарламасы шеңберінде «Тасымал үдерісінің тиімділігін арттыру» және басқа да бастамалар сынды «ҚТЖЖТ» АҚ-ның стратегиялық идеяларымен И. Савушкина таныстырды. Одан әрі қатысушылар станцияның жергілікті жұмысын басқаруға арналған цифрлы құралдар, АСУ ДКР автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысындағы нәтижелер, 81 темір жол станциясындағы ГИД Урал ДСП ДНЦ сынақтық жобасы жөнінде, цифрлық төңкерістер кезеңінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» қоғамындағы бизнес үдерістерге бейімдеу және басқа да өзекті тақырыптар бойынша ұйымдастырушылар толыққанды мәліметтер берді. Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар станция жұмысы және ТЧЭ жұмысы болып екі блокқа бөлінді. Көтерілген мәселелер бойынша материалдар жинақталып, қатысушылардың өткен тақырыптардан алған білімі «Ой талқы» жүргізу жолымен және Исикава диаграммасын жасау арқылы, сонымен бірге іскерлік ойын барысында анықталды.