Тастаяқтан турнир өтті

Асел Танатарова

Асел Танатарова

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бірқатар құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында бильярдтан турнир өтті.

Кәсіподақ күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Байсұлу» бильярд клубында өткен турнирді бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Магистральдық желі бөлімшесінің әр мекемесінен жиналған 15 теміржолшы қатысқан турнир ойын басталғаннан қыза жөнелді. Себебі, Таразда ауыр жұмыста жүрсе де уақыт тауып, бильярд спортын жанына серік еткен теміржолшылар көп. Сондықтан олардың арасында кәдімгідей шеберлік деңгейлері қалыптасқан теміржолшылар аз емес екені ә дегеннен белгілі болды. Олардың арасында осы спорт түрінен теміржолшылар арасында өтіп тұратын жарыстардың жеңімпаздары бар.

Тартысты өткен турнир қорытындысында қарсылас шақ келтірмеген ЭЧ-21 қызметкері Ермек Мүсірепбеков жеңімпаз атанды. Ал ақтық ойында Ермекке есе жіберіп алған магистральдық желі бөлімшесінің маманы Ойрат Бейсембин жүлделі екінші орынды еншіледі. Үшінші орын ВП-35 қызметкері Бауыржан Бұлбұлаевке бұйырды. Бұлардан өзге үздік ойынымен көзге түскен бірқатар теміржолшы марапатқа ие болды. Ал жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы диплом мен ақшалай-заттай сыйлықтар берілді.