Қолданыста – виртуалды көрме

«ҚТЖ» ұлттық компаниясында «Виртуалды көрме» ілкімді жобасы бастау алды. Жоба Компанияның Техникалық орталығының бастамасымен іске асуда.

«Виртуалды көрме» ҚТЖ және оның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары қызметкерлеріне жұмыс орнында тікелей белгілі бір тақырыптағы толық мәтінді ақпараттық материалдарды (кітаптарды, журналдарды, тақырыптық жинақтарды, сараптамалық шолуларды) пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрменің бірінші тақырыбы – «Көліктегі логистика». Адрестік сілтеме тізімінде – KTZ Express қызметкерлері, интеграцияланған тасымалдарды жоспарлау, маркетинг және транзиттік саясат, логистиканы дамыту бағдарламасын үйлестіру мәселелерімен айналысатын мамандар мен басшылар бар.

Өңірлік деңгейде логистика бойынша жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары алушылар болып табылады. «Виртуалды көрме» пайдаланушысы алынған материалды кері байланыс функционалы арқылы «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалай алады.

«Келесі «Виртуалды көрме» теміржол көлігін цифрландыру мәселелеріне арналады», – дейді Техникалық орталықтың ғылымитехника және саралау мәселелері жөніндегі бас менеджері Наталья Смольянова.

Болашақта – айына екі рет ұйымдастырылатын осындай көрмелер Компания қызметінің барлық бағытын қамтуды көздеп отыр. Бұл білімді басқаруда қолайлы орта құруды қамтамасыз ететін болады.