Жемқорлықпен күрес – жалпыға міндет

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінде теміржолшылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері тақырыбында семинар өткізді.

Жиында Ақтөбе бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары баяндама жасады. «Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. 

Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Шешiмi күрделi мәселелер де бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қоғамның, жаппай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Мемлекет пен қоғамның бірлігі, әр азаматтың жауапкершілігі қоғам кеселін жеңуге жол ашады. Теміржолшылар әрқашан өз жұмыстарына адалдық танытуда үлгі бола білу керек. Темір жол – сенімнің және тұрақтылықтың нышаны. Ұжымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары тұрақты жүргізіліп отыр», – дейді ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы Асылгүл Шаранова.

Жиын барысында мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі түсіндіріліп, роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, салқын маусымның басталуына орай тұмаудың алдын алу шаралары туралы, тұмауға қарсы екпе алудың маңыздылығы сөз етіліп, жадынамалар таратылды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында азаматтар құқығы жөніндегі заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты арыздар мен шағымдар үшін сенім жәшіктері мен сенім телефондарының нөмірлері барлық ғимараттарда ілінгені айтылды.

Бұдан басқа, Ақтөбе бөлімшесінің барлық құрылымдары арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша қызметкерлермен техникалық сабақтар жүргізілді. Заңбұзушылық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырды. Басқарма бойынша сенім телефоны 97-62-11.