Аға буын өкілдеріне құрмет

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Қарттар күніне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығының ұйымдастыруымен Астана станциясы, локомотив және вагон пайдалану деполарының бүгінде зейнетке шыққан 30 ардагері «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешеніне және Астана вагон пайдалану депосына экскурсия жасап, стратегиялық маңызға ие заманауи нысандарды аралады.

Аға буын өкілдерінің көбісі жаңа вокзалды алғаш рет көріп тұрғандарын жасырмады. Себе- бі, көбісі жастары ұлғайған сайын жол жүріп, сапар шекпек түгілі үйлеріне кіріп-шығып жүргендеріне шүкіршілік етеді. Сондықтан сәулеті аспанмен таласқан бұл ғажайып вокзалға сапар оларды кәдімгідей қуантып тастады. Вокзал қызметкерлері ардагерлерді күтіп алып, жаңа нысанның кереметтері- мен таныстырып, алтыншы қабатта орналасқан хостел, капсулдық де- малыс бөлмелерін көрсетті. Сала зейнеткерлері қазіргі заман тала- бына сай нысанның әсем архи- тектурасына тәнті болып, кешенді инфрақұрылымда жолаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалғанына ризашылықтарын білдірді.

— Осы вокзалдан пойызға оты- рып, бір-екі рет жолаушылағаным бар. Бірақ, асықпай аралап көрген емеспін. Вокзалда мүмкіндігі шектеу- лі жандарға да, зағип жандарға да түгел жағдай жасалған. Вокзал ке- зекшілері де мәдениетті, кішіпейіл, ізетті жастардан құралған. Менің шәкіртім Самат Құрбанов осындағы Нұрлы жол станциясын басқарады, мен оны мақтан тұтамын. Өзім теміржол саласында қырық жыл еңбек еттім. Астана станциясын- да кезекші, аға реттеуші, тағысын тағы қызметтерді атқардым. Көп жылғы еңбегім еленіп, «Құрметті теміржолшы» белгісін алдым. Қазір еңбегімнің зейнетін көріп жатқан жайым бар. Осы шағын саяхатты ұйымдастырып отырған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығына алғыс айтамыз, — деп ризашылығын біл- дірді Төлеухан Оқасов есімді зей- неткер.

Астана вагон пайдалану депосының бұрынғы қызметкері Орынбасар Аппасова теміржол- да ширек ғасыр жұмыс істепті. Отыз екі жасында бес баласымен жесір қалған қайсар ана балаларын қатарынан қалдырмай өсіріп, ұлдарын ұяларына, қызын қиясына қондырыпты. Балаларының бәрі аналары салған сүрлеумен жүріп, теміржолшы мамандығын таңдаған. «Қоғам басшылығына алғысымыз шексіз. Ардагерлерін ұмытқан емес. Әр мереке сайын басымызды қосып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Міне, Қарттар күніне орай жаңа вокзалға, туған үйімдей болып кеткен вагон депосына сая- хат ұйымдастырып отыр», — деп сыр бөлісті ардагер ана.

Бұдан кейін аға буын өкілдері Астана вагон пайдалану депосы- на ат басын бұрып, ондағы еңбек жағдайымен танысты, жастар- мен кездесіп, депоға енгізіліп жатқан жаңашылдықтардан ха- бардар болды. Мереке иелерін вагон депосының бастығы Аслан Сәуірбаев құттықтап, оларға ден- деріне саулық, берекелі ғұмыр тіледі. Ардагерлер де өз кезегін- де басшылыққа алғыс білдіріп, өздерінің еңбек жолдарынан сыр шертіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Суретті түсірген Нұрмахан НАУРЫЗБАЕВ