Тең жартысы жеткізілген

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

«Қыс шанаңды жаз сайла» деген. Әне-міне дегенше, күн суытып, жылыту маусымы басталады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарын қақаған қыстың қаһарынан сақтайтын қатты отынмен қамтамасыз ету қай деңгейде?

«ҚТЖ-ЖТ» АҚ – Шымкент ЖТ бөлімшесі филиалының логистика бөлімі берген мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда жоспардағы көмірдің тең жартысы (53%) тасымалданған. Атап айтқанда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2019-2020 жылғы жылыту маусымында қатты көмір отынын пайдалану бойынша 1 279 596 тонна жоспарланған. Бүгінде оның 677 580 тоннасы тасымалданды немесе 53% орындалды. Оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы тұрғындарына және жылыжайларға 993 мың 900 тонна көмір жеткізу жоспарланған болса, оның 458 515 тоннасы немесе 46% тасымалданып үлгерген.

«Бюджеттік мекемелер үшін 176 972 тонна көмір отыны жоспарланған. Тасымалданғаны – 176 972 тонна немесе 100%. Оның ішінде Түркістан облысына 171 072 тонна, 100%, Шымкент қаласының жоспары бойынша 5900 тонна тасымалданып, 100% орындалды. Коммуналдық-шаруашылық мекемелердің жоспары бойынша 108 724 тонна, тасымалданғаны – 42 093 тонна немесе 38,7%. Кентау ЖЭО-5 жоспар бойынша 89 000 тонна, тасымалданғаны – 33 000 тонна, 37%, Түркістан жылу – 15 600 тонна , тасымалданғаны – 6000 тонна, орындалғаны – 38,5%, Арыс жылу – жоспарда 4124 тонна, тасымалданғаны 3093 тонна, 75,0% орындалды. Бұл мәліметтер – қыркүйек айының 18 күні ішінде тасымалданғаны. Жалпы, көмір тасымалдауды сәуір айында бастадық», – деді Шымкент ЖТ бөлімшесі логистика бойынша директорының орынбасары Бақтыбай Қасымбеков.

Мамыр айында – 127 719 тонна, маусымда – 105 432 тонна, шілдеде – 124 821 тонна, тамызда – 120 129 тонна, қыркүйекте 109 227 тонна көмір тасымалданыпты. Жан