Қос мереке қатар келді

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Жақында Қазалы вагон пайдалану депосының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Теміржолшылар күнімен тұспа-тұс келгендіктен қос мереке құрметіне өткен салтанатты жиында Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктер туралы баяндады.

– Еңбекпен тапқан абыройымыз, жеңісіміз еселеніп, теміржолшылар мерейінің үстем болуы үшін жұмыс жасайық қадірменді әріптестер, мен сіздермен мақтанамын, – деді депо бастығы Арғын Орымбаев.

Салтанатты шараға мекеме ардагерлері шақырылып, депоның дамуына үлес қосқан үздіктер марапат талды. Олардың қатарында Алтай Сейтмағамбетов, Еркін Сайфулмәлік, Түстібай Әлбиев, Айбосын Сүндетов, Батырхан Жұмабаев «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Алдаберген Меңдібаев «Адал еңбегі үшін» медалін алып, Ерлан Есмамбетов «Үздік маман» атанды. Сонымен қатар қонақтарға естелік ретінде мерейтойлық төсбелгілер, кітапшалар мен блокноттар таратылды.