«KTZ Express» контейнер сервисімен таныстырды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – көліктік-логистикалық қызметті дамыту бойынша айтарлықтай табысқа жеткен компания. Сондықтан 8 тамызда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен трансқазақстандық бағыттарда контейнер сервисін дамыту перспективалары және жаңа мүмкіндіктері туралы бизнес-форумда ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны «KTZ Express» АҚ ұсынған қызмет түрлері көпшіліктің назарын аудармай қоймады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобы логистикалық блок өкілдері ұйымдастырған шарада көлік-логистикалық сервис бойынша жаңартылған қызмет түрлерінің таныстырылымы болды. Онда сөз алған «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев компанияның «халықаралық көлік дәліздері мен өзінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығыны аз тасымалдарды жүзеге асырып, клиентке бағдарлану деңгейін арттырып, сервисті кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын» алға тартты.

«KTZ Express» АҚ жаңартылған бизнес-моделінде «суық пойыз» режиміндегі контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру мен LCL-тасымал, шағын жүктерді тасымалдау, қоймалық логистика, логистикалық аутсорсинг, өндірістік логистика сияқты бағыттар жұмыс істейді. Каспий фидерлік желісін пайдаланып, тұрақты контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруға, соның ішінде рефрижераторлық контейнерлер пар кін пайдаланып, компания қызметінің негізгі бағыттарына және логистикалық жобаларға үлкен назар аударылуда.

Компания сыртқы +50-ден -50 дейінгі градуста +20-дан -20 градусқа дейін ішкі температураны автоматты сақтау режиміндегі 27 тоннаға дейін жүккөтерімді 45 футтық рефрижераторлық контейнерлерге ие. Контейнердің ұзартылған базасы тек қана ішкі көлемді 80 текше метрге дейін ұлғайтып қана қоймайды, сонымен бірге 800 литр көлеміндегі отын багын орнатуға мүмкіндік береді. Тоңазытқыш құрылғысы дизель-генератордың арқасында автономды түрде 20 тәуліктен астам уақыт жұмыс істей алады. Тасымалдың осындай түрі тұрақты контейнерлік пойыздардың жүрістұрысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Температуралық өзгерістерге бейінді жүктер жыл бойы жеткізіледі.

Бүгінгі таңда контейнерлік сервис Ресей, Орталық Азия, Еуропа мен Қытай арасындағы бағыттарда жолға қойылған, Өзбекстаннан Ре сей мен Қазақстанға «суық пойыз» режимінде рефрижераторлық контейнерлік тасымалды дамыту мәселесі белсенді пысықталуда. Сервистің жұмыс қуатына шығуымен тұрақты түрде апта сайынғы контейнерлік жөнелтілім жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Толықтай алғанда рефрижераторлық контейнермен тасымалдау электроника, медициналық пен фармацевтикалық тауарларды, тоңазытылған және суытылған өнімдерді, жеміс-жидектерді қосқанда, температуралық режимді сақтауды талап ететін жүктерді тасымалдау көлемін арттыруға ықпал етеді.

Форум қатысушыларына, сондай-ақ Каспийдегі қазақстандық және әзербайжандық порттар арқылы, аталған бағыт бойынша жүк ағынын арттыру және жағрапиясын ары қарай кеңейту мақсатымен Түркия мен Еуропаға, Қаратеңіз бассейні елдеріне, өзбектің жүктерін жеткізудің балама жолы ретінде Транскаспий бағыты мүмкіндіктері таныстырылды.