Маңғыстауда Microsoft lync арқылы бейнеконференция өтті

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Маңғыстау теміржолында белгі беру және байланыс дистанциясы ұсынған Microsoft lync арқылы бейнеконференциялық байланыс орнатылып, барлық құрылым басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде бірінші кешенді ревизиялық тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы станция бастықтарының аралық есебі тыңдалды. Екінші мәселе инфрақұрылым нысандарына комиссиялық байқауды сапалы жүргізуден техникалық сабақты ішінара тексеру жөнінде болды. Алғашқы мәселе бойынша станция бастықтары пойыздар қозғалысына байланысты персоналдың техникалық білімін арттыру, станция жұмысының технологиясына түзетулер енгізу, нормативтіктехникалық құжаттарды активизациялаудан жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді.

Екінші мәселе бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болып отырған «адами фактор» сөз болды. Бұл бағытта Құрық порты мен Шетпе станциясында қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мақсатты тексерулер өткізуге шешім қабылданды. Сонымен қатар, станция кезекшісі, машинист, вагон қараушы және т.б сала жұмысшыларының басын қосып жиын өткізу жоспарлануда.

Соңғы мәселеге қатысты ішінара іріктеме сауалнама жүргізу өз тиімділігін бірден көрсетті. Соның нәтижесінде техникалық құралдарды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді анықтауды жақсартуға ықпал ететін түзету шаралары қабылданбақ. Құрылымдық бөлімдер басшыларымен мұндай диалог құру жұмыстың әлсіз тұстарын дер кезінде анықтап, жоюға септік етеді.