Қызылордада үздік теміржолшыларды марапаттады

Ағымдағы жылдың өткен айларын жақсы көрсеткіштермен қорытындылаған Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелері жылдағы дәстүр бойынша кәсіби мерекені салтанатты түрде бұрынғы Теміржолшылар клубында ұйымдастырып, еңбек озаттарын, үздік теміржолшыларды марапаттады.

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінен ерен еңбегімен аймақ теміржолының дамуына үлес қосқан үздік 285 теміржолшы кәсіби мереке қарсаңында марапат иесі атанды. Әріптестерін төл мерекемен құттықтаған Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев «аймақ теміржолын дамытуға ерен еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір теміржолшы құрметке лайық» екенін айтып өтіп, мерекеге орай бір топ озаттарды марапаттады. «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен 3 теміржолшы марапатталса, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының атаулы сағатына 1 теміржолшы ие болды. 10 адам «Адал еңбегі үшін», 9 адам «Кәсібі бойынша үздік», тағы 8 теміржолшы «Үздік маман» белгісінің иегері атанды. 36 сала еңбеккері Құрмет грамотасы мен Алғыс хат алды.

Мерекелік шараның екінші бөлігі Рүстем Құрманғалиев бастаған жас теміржолшылардың ән мен жырдан шашу болды.