Ардагерлерді көлік қызметкерлері күнімен құттықтады

Астаналық локомотив пайдалану депосының ардагерлері де Көлік қызметкерлері күнін атаусыз қалдырмады.

Бұл депода жұмыс істеген әрбір ардагердің жұмыс өтілі бірнеше ондаған жылдарды құрайды. Олардың әрқайсысы темір жол көлігінің қалтқысыз қызметін қамтамасыз етіп, елді жүкпен жабдықтады, жолаушыларды діттеген жеріне жеткізуге атсалысты. Қазірдің өзінде депо ардагерлері құрметті демалысқа шықса да, өздерінің ең қымбат жастық шақтарын арнаған теміржол туралы ұмытқан емес, саланың әр жетістігіне қуанып, магистральдық болашағы туралы ой бөліседі, өз әріптестері мен басшыларын ыстық ықыласпен еске алады.

Осындай арқа-жарқа қызықты әңгімеге толы басқосуда депоның Ардагерлер кеңесінің төрайым Людмила Красноштанова әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, денсаулық, ынтымақ, бірлік, бейбіт өмір тіледі.

«Бізге осындай жақсы ортада мерекемізді атап өту дәстүрге айналып отыр. Әрбір ардагер кезінде теміржолшы мамандығын таңдай отырып, өзінің алдына жоғары мақсат қойды, өйткені, теміржолшы – расында абыройлы әрі мәртебелі мамандық», – деді ол өз сөзінде.

Ал локомотив пайдалану депосының кәсіподақ комитетінің төрағасы Ринат Абайдилдинов ардагерлер депода өтетін барлық шараның басты қонағы екенін атап өтті.

«Біздің депода аға буын мен олардың ізін басқан ұрпақ арасында тығыз байланыс бар. Депо өміріне ардагерлердің белсене қатысуы – олардың ізін басқан інілеріне үлкен өмірлік тәжірибе» деп атап өтті төраға.

Салтанатты шара барысында ардагерлер жанға жайлылық сыйлаған әсем әндер орындап, кештің сәнін келтірді.