Теміржолшы балаларына лагерьге жолдама берілді

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

«ҚТЖ ҰК» АҚ-ның әлеуметтік саясатының арқасында жазғы демалысында теміржолшылар сауықтыру орталықтарында демалса, олардың бала-шағасы түрлі лагерьде денсаулықтарын шыңдауы дәстүрге айналған.

Биылғы жылы да жаз қызығы дер кезінде басталды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ақтөбе бөлімшесінде жолдамалар таратылып үлгерілуде. Дәстүрлі жазғы демалыстар мекеменің әлеуметтік шығындар бюджетімен ұйымдастырылуда. Барлық демалыс аймақтары әдемі жерлерде – орманда, өзендер мен көлдердің жағасында орналасқан.

«Ақбөбек» балалар лагеріне 250 теміржолшы балаларына жолдама берілді. Ал жұмысшы-қызметкерлерге Сарыағаш, Павлодар, Алматы, Бурабай қалаларындағы шипажайларға қазірдің өзінде 100-ден аса теміржолшы жолдама алып, демалуда. Жұмысшылар қалаған шипажайды өздері таңдайды. Егер қызметкердің таңдаған шипажайына жолдама болмай қалып жатса, демалып келген соң ақшасы қайтарылып беріледі. Сонымен қатар, ай сайын теміржолшылар арасындағы аз қамтылған отбасыларға тұрақты көмек көрсетіп отырамыз. Және теміржолшылардың талантты балаларына арналған «Дарын» байқауын жылда ұйымдастырып тұрамыз. Мұндай шаралар 7 және 15 жастағы жасөспірімдер арасында өтеді. Теміржолшылардың балаларын ынталандыруға қатысты түрлі шаралар тұрақты ұйымдастырылады. Жүлде қорларымызда бағалы заттар бар. Самокат, велосипед, құрастырушы роботтар секілді бұйымдар таратылды», – дейді кадр бөлімінің инспекторы Ләззат Киржанов.

Мұндай шаралардан магистральдық желі бөлімінің мамандары да қалыс қалып жатқан жоқ. Бөлімшеде Орал қаласындағы «Евразия» балаларды сауықтыру орталығына 100 балаға жолдама берілген. Балаларға қуаныш сыйлау мұнымен шектелмейді. Магистральдық желі мамандары тағы 300 балаға қаладағы «Ақбөбек» балалар лагеріне жолдама алып қойған. Сонымен қатар, 169 жұмысшыға сауықтыру орындарында демалатын болады.

Жаз қызығы таусылмасын...