«Цифрлы трансформация»: жаңа жүйемен жұмыс

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлы трансформация» бағдарламасының «Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі» жобасы шеңберінде қолданбалы семинар өткізілді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Маркетинг және транзиттік саясат департаменті, сонымен қатар жүк тасымалы маркетингі департаментінің негізгі қолданушыларымен бірге өткізілген семинар SAP HANA базасында «Жүк тасымалына сұранысты болжау» ЖБЖ модулімен жұмыс істеу тақырыбына арналды. Аталған шара сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» компаниясының жұмысшыларын жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істеуге дайындау және сол бойынша ақпараттандыруға бағытталды.

Семинарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Бизнес трансформациялау орталығы» филиалының жобалау командасы, «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы және «САП Қазақстан» ЖШС жүргізді. Мамандар жүйе жұмысын іс жүзінде көріп, нақтырақ айтқанда, жүйе модульдерінің бірі «Жүк тасымалына сұранысты болжалдау» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көрді.

Аталған модуль ЖБЖ, яғни жоспарлаудың біріктірілген жүйесінде үлкен мәліметтер (big data) технологиясы және машиналық оқыту көмегімен макроэкономикалық көрсеткіштердің (жалпы ішкі өнім, тұрмыс деңгейі, жүк номенклатурасының өндірістік деңгейі және т.б.) бүтіндей бір қатарымен бірге жүк тасымалы бойынша тарихи деректерге мультиколлинеарлық тәуелділік талдауын жүргізуге, алынған мәліметтер негізінде алдағы 5 жылға болжау есебін жасап, талдауға мүмкіндік береді. Осылайша келесі жылдарға хабарламалар түрлері мен түрлі номенклатуралар бойынша жүк айналымы мен көлемі түрінде жүк тасымалының болжалды үлгісі жасалады.

Сонымен қоса семинар барысында жоспарлаудың біріктірілген жүйесін толықтырып тұратын SAP Solution Management базасында инциденттерді басқару жүйесі, SAP Business Objects базасында талдау есептілігі жүйесі де көрсетілді.