Жергілікті жүк тиеу талапқа сай

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің негізгі табыс көзі өнімдерін теміржол арқылы тасымалдайтын Петро Қазақстан Ойл Продакст мұнай өңдеу зауыты болып саналады. Теміржолшылар жергілікті жүк тиеуді талапқа сай атқарып отыр.

Шымкент ЖТ бөлімшесі арқылы көбіне «Union Trans Service Limited (Юнион Транс Сервис Лимитед)» ЖШС жүк артып жатады. Серіктестік жалпы жүк тиеу көлемінің 40 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, аймақтағы бірнеше цемент зауытының өнімі де тасымалдауда айтарлықтай табыс көзін келтіріп тұр. Яғни ЖТ бөлімінің жүк артуда 15 пайызын осы цемент құрап отыр.

Жалпы, Түркістан өңірінде құрылыс өнеркәсібі мен тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Атап айтқанда, оның қатарына «Шымкент май» АҚ, «Кас-Бетон» ЖШС, «Шымкентцемент» ЖШС, «Тассай транс» ЖШС, «Кәусар транс» ЖШС, «Рауан», ЖШС, «Нурстрой ЛТД» ЖШС, «Зерде-керамика» ЖШС және т.б. кәсіпорындар бөлімшенің жүк тиеуде 30 пайыз үлесін құрайды.

Жыл басынан бері бөлімшеде жергілікті жүк тиеу жоспары ойдағыдай. Өткен 5 айда жоспар бойынша 67 044 вагон 4 107 000 тонна болса, ол 73 082 вагон 4 341 491 тоннаны құрап, 105,7 % орындалды. Шымкент ЖТ бөлімшесіндегі логистика және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің мамандары 1 357 вагоннан 82 491 тоннаға ұлғайғанын атап өтті. Ал былтыр дәл осы уақытта 69 098 вагон 4 239 161 тонна жүк тиелген екен.

Статикалық жүктеме 5 айда директорлар кеңесінің жоспары бойынша 61,38 тонна болса, орындалғаны 59,41 тоннаны құрып, 96,8 % жеткен. Техникалық жоспар бойынша статикалық жүктеме 5 айда 59,38 тонна болса, орындалғаны 59,41 тонна, 100,1%. Мамандардың айтуынша, жүк артылған 342 вагондар бос қайтқандықтан статикалық жүктеме 4 тоннаға кеміген. 2019 жылы 1538 вагон болса, 2018 жылы 885 вагон орындалған екен. Ал жүк түсіруде техникалық жоспар 418 болса, орындалғаны 428 вагон немесе 102,5 % құрады. Өткен жылғы 465 вагоннан биыл жүктің аз түсірілген себебі жергілікті жүктердің азаюынан болып отырғаны белгілі болды. Орта тәулікте 159 вагон жүк түсірілген. Жергілікті жүкті таратып тасу – жоспарда 265 вагон болса, орындалғаны 428 вагон. Бұл да өткен жылғы көрсеткіштен азайған. 2018 жылғы сәйкес мерзімде 462 вагонды құраған. Орта тәулікте 34 вагон аз тасымалданған. Жергілікті жүктерді жеткізу жоспарда 418 болса, 459 вагонға орындалып, 109,9% жетті.