Алматы локомотив пайдалану депосында жұмыс жүргізілуде

Тасымалдау процесінің кепілдік берілген қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету стратегиясы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған ісшаралардың тұтас кешенін көздейді. Алматы локомотив пайдалану депосында осы бағытта тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Оны нәтижелерінен-ақ көруге болады. Жыл басынан бері пойыз қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың бір ғана оқиғасы орын алды. Өткен жылы 11 оқиға болған еді.

Депо бастығы Мұрат Оспановтың айтуынша, дегенмен қуануға әлі ерте. Мұрат Болатбекұлы барлық күш қауіпсіз еңбекке, өндіріс мәдениетін арттыруға және апатсыз жұмысқа бағытталғанын атап өтті.

Егер пайдалану көрсеткіштері туралы айтатын болсақ, тасымалдау жұмысы жоспардағы 4073,771 млн ткм бруттоның орнына 4196,353 млн ткм брутто, яғни 103,01% орындалған. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспар бойынша 1170 мың тонна-км брутто болса, нақты орындалуы 1195 мың тонна-км брутто, яғни 102,14% құрады.

Ағымдағы жылдың 4 айында локомотив бригадаларының демалыс режимі мен тәртібін бұзуға жол берілген жоқ. Жыл басынан бері «машинистер кітабына» 1488 машинист рапорты келіп түскен, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1060 рапортқа қарағанда, 428 рапортқа көбейген... Және, бұрынғыдай, машинистердің рапорттары бойынша белгі беру және байланыс шаруашылығы көш бастап тұр. Дәл осы салаға локомотив бригадаларының тораптық кеңестер сайын айтатын ескертпелері де көп екен.

Жыл басынан бері жылдамдық өлшегіш таспаларды оқу бойынша 48 бұзушылық оқиғасы орын алды, өткен жылы – 17. Жедел тежеу де артқан, 4 ай ішінде локомотив бригадаларымен 267 шұғыл тежегіш басу қолданылды, өткен жылы бұл көрсеткіш 254 болған, адамдарды қағудың 9 оқиғасы тіркелген.

Локомотив бригадаларының жұмысы, локомотив паркінің жазғы тасымалдауға өтуі, электровоздар мен тепловоздар паркінің техникалық жайкүйі, сондай-ақ локомотив бригадаларын оқыту мәселелері депо басшылығы назарынан тыс қалмайды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын шешудегі іс-қимылдың басым бағыты: пойыздың жүргізілуін және автотежегіштерді басқаруды бақылау, автоматика, телемеханика, байланыс және электрмен жабдықтау құралдарының сенімділігін арттыру, тыйым салатын сигналдардың өтуін болдырмау, өткелдерде автокөлікпен соқтығысу және апаттың алдын алу бойынша шаралар жүргізу болып табылады.

– Депо басшылығы, локомотивтерді жөндеуді бақылау бөлімі және локомотив бригадаларын локомотивтердің жаңа серияларында жұмыс істеуге оқыту жөніндегі машинист-нұсқаушылар тарапынан үш жақты бақылау күшейтілді, технологиялық тәртіптің сақталуына үнемі тексеру жүргізілуде, техникалық сабақтарда жол берілген жағдайлар, оқиғалар, инциденттер, стандартты емес жағдайлардан шығу бойынша қажетті шараларды зерделеу мен пайдалану жұмысының бұзылуы егжейтегжейлі пысықталуда, – дейді Мұрат Болатбекұлы.

Депо бастығының айтуынша, айрықша талаптар машинист-нұсқаушыларға қойылады, өйткені олар колоннаның техникалық дайындығына, пойыз жүргізу шеберлігіне, локомотив бригадаларының білім деңгейіне және ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалға жауапты.