Теміржол - балалар көзімен

Алтынкөл станциясында өткен балалар суретінің байқауы мәреге жетті. Станцияда еңбек ететін теміржолшылардың 13 жасқа дейінгі балалары қатысқан байқаудың басты тақырыбы – теміржол.

Мақсат – адамдарға теміржолдың қауіп-қатерін ескерту, балаларға жолдан өткенде абай болуды, ересектерді жұмыс кезінде еңбек қорғау ережелерін сақтап, өндірістік жарақаттың алдын алуға үндейді.

Балғын суретшілердің шығармасына зер салып қараған жан олардың тақырыпты ашып көрсетуде тәп-тәуір жетістікке жеткенін, яғни теміржолшылар отбасында өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің сала жұмысы жайлы түсінігі қалыптасып үлгергенін байқауға болады. Олардың қатарында 9 жасар Нарметов Элдар, Мұқаш Темірлан, Төкенова Аяулым, Тұрсынбай Алина, 10 жасар Әбдіғали Шырын, Өмірсерік Ләззат және 12 жастағы балғын суретшілер Ербосын Алуа, Мұқаш Дина бар.

Бұл балақайлардың әкелері немесе аналары қытаймен шекарадағы маңызды шекаралық бекетте тер төгіп жүр. Мысалы, Элдар мен Ербосынның аналары тауар кассирі болса, Аяулымның анасы вокзал кезекшісі, Алинаның әкесі станцияда жүк қабылдапжөнелтуші болса, Шырынның ағасы вагон қараушы.

Ұйымдастырушылар ұжымның жалпы жиналысында өз еңбектерін теміржолдағы қауіпсіздік тақырыбына арнаған балалардың еңбегін жоғары бағалап, олардың бәрін жеңімпаз деп танып, түрлі ескерткіш сыйлық берді.