Маңғыстау оқушыларына теміржол бойында жүру ережесі түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша Маңғыстау магистральдық желі аймағында жол бойына адам шығып кетуіне байланысты 2 рет оқыс тежеу оқиғасы орын алды.

Теміржол бойына бөгде адамдардың шығып кетуі салдарынан ПЧ-13 Маңғыстау аймағында №16 бекет – Тамақ аралығында, ПЧ-12 Бейнеуге қарасты №460 бекет – Бейнеу аралығында пойыз құрамы оқыс тежеу беріп тоқтауға мәжбүр болған.

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Бейнеу станциясындағы «Атамекен» орта мектебінде Бейнеу жол дистанциясының инженері А.Оразбаевтың және желілік полиция лейтенанты Н.Мұсаевтың қатысуымен мектеп оқушыларына «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық сабақ өтті.

Онда теміржол бойында жүру ережесі түсіндіріліп, қауіп-қатерден сақтану жолдары сөз болды. Алдағы уақытта мұндай түсіндіру жұмыстарын Маңғыстау станциясында және Маңғыстау елді мекені мектептерінің бірінде өткізу жоспарланып отыр.