Атырауда қозғалыс қауіпсіздігі мамандарына арналған семинар өтті

Атырауда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік қауіпсіздік департаментінің ұйымдастыруымен қозғалыс қауіпсіздігі мамандарына арналған семинар-тренинг өтті. Басқосуға батыс аймақтық филиалдардың бас қауіпсіздік мамандары түгел қатысты.

Жалпы, қызметі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты қызметкерлердің білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру бойынша шара ҚТЖ және оның филиалдарында тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қауіпсіздік жөніндегі бас мамандардың кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және мәдени деңгейіне әрбір жүк тасымалы бөлімшесінің жалпы жұмыс нәтижесі байланысты екені анық.

Бұл жолы да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік қауіпсіздік департаментінің бас менеджері Дмитрий Зинченконың төрағалығымен өткен семинар барысында теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты ахуал талқыға салынып, тасымалданатын жүктердің сақталуын, экологияға, жолаушылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың болуы ықтималын төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шараларды оқып білді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар туындай қалған жағдайда іс-қимылға көшу дайындығы бағаланды.

Семинарға қатысушылар ахуалдық схемаларды құру ісінде машықтанып, озат еңбек тәжірибесімен бөлісті.

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету теміржол көлігі жұмысының маңызды сапалы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Біз қозғалыс қауіпсіздігін сақтай алғанда ғана жолаушылар мен жүк жөнелтушілер және қабылдап алушылардың сенім үдесінен табыла аламыз, – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік қауіпсіздік департаментінің менеджері Қанат Мұсабеков.  

Өткен жылы 2000-ға жуық локомотив және вагон шаруашылығының қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы оқу орындарында біліктіліктерін арттырған болатын. Ал биыл «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның 4300-ден астам қызметкері біліктіліктерін арттырып, білімдерін көтеретін болады.

– Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас мамандарға арналған тренинг жұмысы жемісті болды. Біз осы басқосуда аралас мекемелердің, яғни, қозғалыс шаруашылығы, вагон, локомотив деполарының бас мамандарымен тәжірибе-пікір алмастық. Бас мамандар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне және нормативтік