"Абайлаңыз, өткел!" айлығы аяқталды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Абайлаңыз, өткел!» айлығы аяқталды.

Айлық аясында жоспардан тыс 1000-нан аса теміржол өткелі тексерілгені белгілі болды. «Абайлаңыз, өткел!» айлығы жарияланған бір ай бойы теміржолшылар жергілікті атқарушы билік пен ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесе теміржол мен автожолдардың қиылысындағы өткелдердің жай-күйін тексерді.

Барлығы 1053 теміржол өткелі жоспардан тыс қаралса, соның ішінде 469 өткел күзетіледі және 584 күзетсіз өткел. Бұл ретте инертті материалдың, төсеніштің, автошлагбаумның, тосқауыл құрыл-ғының болуы, байланыс құралы жағдайының, жарықтың, қуат көзінің, дыбыстық дабылдың оңдылығына ерекше назар салынды. Алдын алу акциясы шеңберінде өткелдер бойынша кезекшілердің лауазымдық міндеттері мен ереже талаптарын сақтауына кенеттен түнгі тексерулер ұйымдастырылды. Олармен техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша қосымша практикалық және теориялық оқытулар жүргізілді.

Айлық барысында автомобилистермен үлкен түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Барлығы 200 рейд жүргізілсе, соның барысында өткелдерден өту ережесін бұзуы бойынша 10-нан астам әкімшіліктік хаттамалар толтырылды. Теміржол инфрақұрылымын кесіп өту ережесі бойынша ақпаратпен шамамен 15 мыңдай адам танысты.