Қарт ананың көңілің сұрады

Зейнет жасына жетсе де, кейбір аға буын әлі де бойындағы бар қажыр-қайратын аянып қалмастан еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізіп жатады. Сексеннің сеңгіріне шыққан Хамдия Шакирова апамыз осындай жан.

Жуырда «ҚТЖ–ЖТ» АҚ – «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев, кәсіподақ бөлімінің сарапшысы Төлеш Бекова ауруханада ауырып жатқан зейнеткер, Құрметті теміржолшы, бұрындары Түркістан станциясының жұмысшыларды жабдықтау бөлімін басқарған Хамдия Шакированың көңілін сұрай барды. Сәлем-сауқаттарын алып сау етіп ауруханаға жетіп келген бұрынғы әріптестерін көріп Хамдия әжей де мәз болып қалды. Хал-жайы мен денсаулығын қазбалай сұрап, не қажет екенін тәптіштеген оларға алғысын білдіріп, «ауырып тұрғаның, аунап тұрғаның» демекші, алып бара жатқан ештеңе жоқ екенін айтып сендірді. Кәсіподақ пен ардагерлер кеңесінің өкілдері Хамдия Кориеевнаға зор денсаулық тілеп, аман-есен тез қатарға қосылуына тілек білдіріп жылы қоштасты.

Жансая СЫДЫҚБАЙ