Стандарттау туралы заң күшіне енді

Үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық ғимаратында Компания басшылығының, мемлекеттік органдар және отандық темір жол көлігі өнімін өндіруші ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Теміржол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің кезекті отырысы өтті. Онда былтырғы жылдың жұмысы қорытындыланып, ағымдағы жылға арналған басымдыққа ие міндеттер айқындалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – басқарушы директоры, ТК 40 төрағасы Батыр Котырев жиынды аша отырып, қатысушыларды бүгіннен бастап 2018 жылдың 5 қазанындағы №183-VI-шы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының күшіне енуімен құттықтады.

– Стандарттау туралы заң стандарттарды қалыптастыруда және бәтуаластыққа қол жеткізуде техникалық комитеттердің рөлін елеулі дәрежеде көтерді. Стандарттау жөніндегі сарапшылардың рөлі артты. Олар өз кезегінде стандарттау бойынша қызметте негізгі рөлді қалыптастырады. Сондықтан бүгін Техникалық комитеттің қаралымына №40 «Темір жол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитеті мүшеұйымдарының Өзара іс-қимыл ережесі қол қоюға шығарылып отыр. Бұл ереже «Стандарттау туралы» Заңның талаптары негізінде әзірленді. Және де бұл құжатқа қол қою Техникалық комитет қызметінің толық ашықтығын қамтамасыз етеді, – деді Батыр Котырев. Бүгінде ТК 40 «Railway Applications» ISO/TC 269 халықаралық техникалық комитетінің толыққанды мүшесі болып табылады. Бас инженер «Railway Applications» ISO/TC 269 техникалық комитетінің жұмыс шеңберінде өткен жылы Стратегиялық бизнес-жоспар, байланыс жөніндегі құжаттар, тағы басқалары қаралғанын, ИСО 269 шешіміне сәйкес келесі пленарлық отырыс Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болып белгіленгенін атап көрсетті. Осы пленарлық отырыс барысында бірлескен бірнеше шаралар өткізілетіні белгілі болды. Ал 2018 жыл еншісіндегі жұмыстарға келсек, өткен жылы ұйымның алты стандартына, мемлекетаралық стандартқа қатысты үш жоба әзірленіпті. Сонымен қатар «Теміржол көлігі» МТК 524 Стандарттау бойынша мемлекетаралық техникалық комитеттің және «Railway Applications» ISO/TC 269 халықаралық техникалық комитетінің жұмыстары шеңберінде мемлекетаралық стандартқа қатысты 60 жоба, ұлттық стандартқа қатысты 25 жоба және 7 халықаралық құжат әзірленген. «Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде отандық жолдың жоғары қабатына қажетті материалдар өнімін өндірушілер мен жеткізушілерге техникалық аудит жүргізіліп, нәтижесінде жабын материалдарына арналған ұйымдастыру стандарты бекітілді. Сонымен қатар біз Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитет отырыстарына қатысып, темір жол көлігі саласындағы бірқатар жобаларға өзгерістер енгізу туралы келіссөздер өткіздік. Тұрақты түрде мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу мәселесі бойынша бейнеконференция өткізіліп келеді. Сондай-ақ, бірқатар мамандарымыз техникалық реттеу саласы бойынша білім-біліктіліктерін арттырды», – деп былтыр атқарылған жұмыстарымен таныстырды бас инженер. 

Ал жиынға қатысқан Қазақ- стандық стандарттау және сертификаттау институты стандарттау орталығының бастығы Евгений Цхай жаңа-дан қабылданып, күшіне еніп отырған ҚР «Стандарттау туралы» Заңның техникалық комитеттер жұмысына ықпалы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Өз кезегінде «Теміржол көлігі» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен «ҚТЖ»ҰК» АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев бөлісті. Жиын соңында «Темір жол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мүшеұйымдарының Өзара іс-қимыл ережесіне қол қойылды. Сондайақ, ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге белсене қатысып, еңбектерімен ерекшеленген стандарттау жөніндегі бірқатар сарапшылар Алғыс хаттармен және Грамоталармен марапатталды.