«Қорғас - Шығыс қақпасы» аумағында тағы 12 жаңа өндіріс пайда болмақ

Таяу уақытта «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында тағы 12 жаңа өндіріс пайда болмақ. Бүгінде мұнда «Құрғақ порт» табысты жұмыс істеуде, бір құрамажем зауыты пайдалануға берілсе, екіншісінің құрылысы аяқталуға жақын. 

Екі кәсіпорын да экспортқа бағдарланған, осы күзде Алматы облысы, Панфилов ауданының диқандарынан егін қабылдап алмақ. 60 мың тоннадан астам астық құрамажем зауытында өңделетін болады. Оның құрылысы бір жыл бұрын басталған болатын. 

Қазірде ол іс жүзінде пайдалануға беруге дайын. Кәсіпорын Панфилов ауданының 100-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп, жергілікті диқандардан өңдеу үшін өнім қабылдамақ. 

– Құрамажем – жануарлардың барлық түрлері мен топтары бойынша жартылай рационды жем. Тағы бір айта кетерлігі, біз Панфилов ауданы және АҚ сұраныстарын толықтай жауып отырмыз. Сонымен қатар Қытаймен арада сауда жүргізу үшін шамамен 40 пайыз экспорттық әлеуетіміз болады,– дейді компанияның ресми өкілі Игорь Габидуллин. 

Бұл ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аумағында салынған екінші кәсіпорын. Жақын күндері мұнда тағы бірнеше өндіріс орыны бой көтермек. 

– Бүгінгі таңда еркін экономикалық аймақ аумағында 12 қатысушы жобаларын белсенді жүзеге асыруда. Бұл тағы да сол ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша, консервіленген өнімдер – джемдер, тосаптар шығарумен байланысты компания тобы. Компания екі жобаны жүзеге асырып отыр: біріншісі, бетон зауыты мен арнайы экономикалық аймақ резервті аумағындағы технопарк құрылысы. 

Өңдеу өнеркәсібінен бөлек мұнда тағы бірқатар жеңіл өнеркәсіп ашу жоспарлануда. Олар киім, аяқ киім шығаруға мамандандырылмақ, – деп атап өтті «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА бас директорының орынбасары Асқар Ешенханов.