Күзетке кепіл бар

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның Шымкент филиалы былтыр теміржол арқылы 121 мың пойыз немесе 3 миллион 900 мың вагонды тасымалдап, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Түскен табыс – 2 ,5 млрд теңге, шығыны 200 000 млн теңгені құрады.  

Шымкенттік филиалға қарасты барлық құрам арнайы қару-жарақпен, ал атқыштар командасы қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Мекемеде 15 атқыштар командасы, барлығы 18 бөлім бар. Бөлімде 1541 қызметкері, оның ішінде 1231 күзетші, қалғанын басшылық құрам құрайды. Жүктерді мұқият тексеріп, діттеген жеріне жеткізу Әскерилендірілген теміржол күзетінің күнделікті міндеті. Теміржол тасымалына тапсырылған жүктерді шығын келтірмей тиісті жеріне жеткізумен айнлысатын кәсіби күзет қызметі өздеріне тиесілі күзет сағатын жоспарға сай уақтылы орындауда.  

Жалпы, Шымкент темір жол бөлімшесінің ұзындығы 1500-1602 км құрайды. Осы аралықта жүк пойыздармен қатар барлық объектілерді де күзететін әскерилендірілген теміржол күзетінің арқасында жыл басынан қызмет көрсетуде ешқандай кемшілік орын алмаған, артық шығын болмаған. Арнайы шұғыл жедел топ профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Шымкент пен Қызылорда вокзалында антитеррористік қорғауды күшейту мақсатында жолаушыларды тексеру қызметі бар. «Шымкент вокзалында қауіпсіздік өз деңгейінде атқарылып жатыр. Алайда вокзалдың тарлығы біз атқарып жатқан жұмыс талабына сай болмауда. Себебі, Шымкент халқының саны миллионнан асты әрі халық тығыз орналасқан аймақ. Осы бағытт а аздаған қолайсыздық пен қиындық туындайды, басқалай шағым жоқ», – дейді күзет қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Әбдіразақ Марқабай.

Күзет бөлімі басшысының айтуынша, филиалдың Қарағанды және Жезқазғанмен шектесетін Қоскөл – Сексеуіл станцияларында жаңа торап ашылуына байланысты күзет қызметі ұйымдастырылып жатыр.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент