Өндірісті өрге сүйреген жобалар

Қандай да бір өндірісте немесе кәсіпорында бүгінгідей рухани жаңғыру кезеңінде рационализаторлардың ықпалы арта түспек. Олар өндірісіміздің қозғаушы күші десек, артық айтпаған болар едік. Бұл әсіресе ҚТЖ сынды өндірістік салада маңызды.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент ЖТ бөлімшесі өткен жылдың рационализаторлық есебін жақсы нәтижелермен қорытындылады. Атап айтқанда, НОД ЖТ – 4, ВЧД-30 – 9, ТЧЭ-32 – 6, ТЧЭ-33 – 2, ШЧ-37 – 7, ШЧ-38 – 6, ЭЧ-24 – 7, ПЧ-53 – 5, ПЧ-54 – 6, НОРПОЖ Шымкент – 1, ТЖС Арыс – 2 өнертапқыштық жоба беру жоспарын орындады.

Жүк тасымалы тарапынан Шымкент станциясының рационализаторлар алға суырылып шықты. Жоспарды орындап қана қоймай, экономикалық тиімділігімен де ерекшеленеді. Нақтырақ айтқанда, Шымкент станциясының бас инженері Алтай Тұртаев, техникалық бөлімнің жетекші инженері Алмаз Әбішев ұсынған рационализаторлық есептің тиімділігі 1963111 теңгені құрады. Бұл – Шымкент ЖТ бөлімшесі үшін үлкен жетістік.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының меңгерушісі Ләззат Әбутәліпқызының айтуынша, рационализаторлар өткен жылды табысты аяқтап, көрсеткішті алдыңғы жылдарға қарағанда асыра орындап шыққан.

ЭЧ-24 филиалының рационализаторы Галина Попова, ПЧ-54 Арыс дистанциясының рационализаторы әрі техникалық информаторы Жеңіс Жүзжанов, Асырау Жоланов, ПЧ-53 Шымкент дистанциясының рационализаторы Бахтияр Бейсенов, ШЧ-37 Шымкент дистанциясының рационализаторы Бекжан Білібаев, Жарқын Сариев, Малик Бейсенов, Ибрахим Дәулет, ШЧ-38 Арыс дистанциясының рационализаторы Алмас Қонысов, ТЧ-32 Арыс вагон депосының рационализаторы Төлбасы Ордабай, ТЧ-33 Түркістан вагон депосының рационализаторы Нұрсұлтан Исабеков, Санжар Шәкәрімов және Шымкент ЖТ бөлімшесінің өнертапқышы әрі техникалық информаторы Фарида Мырзахметова, НЖС-9 магистральдық желі бөлімшесінің техникалық информаторы Асима Абдуллаева, ПЧ-53 Шымкент дистанциясының техникалық информаторы Надыр Мұқашев, ВЧД-30 Арыс вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы әрі белсенді рационализаторы Ералы Абдалиұлы және осы мекеменің рационализаторы әрі техникалық информаторы Исламхан Алтаев, ШЧ-37 Шымкент дистанциясының техникалық информаторы Гүлнәр Тұрғанбаева , ШЧ-38 Арыс дистанциясының техникалық информаторы Назгүл Егізбаева, НОРП-28 Арыс станциясының рационализаторы Талғат Қамбаров, Теміржолсу-Арыс рационализаторы Бақберген Нысанбаев өздеріне берілген жоспарды тиянақты орындап, тиімді ұсыныстар берген.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент