Міндеттер белгіленді

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны өтті.    

Оған Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Нәжімеден Ғұбашов, «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқанжан Камалов, «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дюсалиев және темір жол ардагерлері, бастауыш партия ұйымының мүшелері, топ жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

 Жиында Н.Ғұбашов Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің 12 жылда «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып атқарған істері жөнінде баяндама жасап, партияның ХVІІІ съезінен туындайтын мәселелерге кеңінен тоқталды. Елбасы жүктеген міндеттерді орындауда алда тұрған міндеттерді атап өтті. 

 «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Дюсалиев жүргізген жиында Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұлов, Маңғыстау жол дистанциясы бастығының орынбасары Дүйсенбай Жарылғап, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов сөз алып, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында өткен съезде сөз болған мәселелерге қатысты пікір білдіріп, партияластарын Елбасы жүктеген міндеттерді орындауға шақырды.  

  Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау