Мерейтойымен құттықтады

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев Сексеуіл станциясындағы теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Сүйінқараевты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.  

Сексеуіл станциясына жұмыс сапарымен барған бөлімше директоры станциядағы теміржол мекемелерінің теміржолшыларымен арнайы жиын өткізіп, бөлімше бойынша өткен жылы жасалынған жұмыстарға сараптама жасап, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын жетілдіру және биылғы жылы атқарылатын мақсат-міндеттерді, тапсырмаларды түсіндірді. 

– Ұзақ жылдар бойы Сексеуіл локомотив пайдалану депосының дамуына үлес қосып, жастарды салалық мамандыққа баулуда қомақты еңбек сіңірген ардагер-теміржолшы Жақсылық Сүйінқараевты мерейлі жасымен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық тілеймін. Болашақ жастарды салалық жұмысқа баулуда ардагерлеріміздің өткен жолы біздер үшін өнеге саналады. Біз ардагерлерімізбен мақтанамыз, – деген бөлімше директоры мерейтой иесінің иығына шапан жапты, ал кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сый-сияпат жасалды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Суретті түсірген автор