SMS-хабарлама: Интернетте билет рәсімдеуде жаңа қызмет пайда болды

Электронды билет жүйесінде «Күту парағы» қызметі пайда болды, деп хабарлайды Railnews.kz тілшісі.  

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері интернетте пойызға билет таба алмағандар үшін жаңа қызмет түрі пайда болғанын жеткізді.

«Bilet.railways.kz сайтында «күту парақшасы» қызметі пайда болды. Егер сіз жоспарлаған пойызда бос орындар болмаса, жолаушы өзінің жеке мәліметтерін қалдыра алады. Орын пайда болғанда жолаушының электронды поштасына немесе жеке кабинетіне хабарлама келеді», - деді бүгін баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев.