ҚР Инвестициялар және даму министрлігі билет бағасына қатысты түсініктеме берді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев билет бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Railnews.kz тілшісі. 

Бүгін Астанада ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы мереке алдындағы пойызда жүру билет бағаларының жоғарылап кетуіне қатысты пікір білдірді.

Комитет төрағасы бұл жайтқа қатысты бүгінде заңнамаларға өзгерістер енгізілетінін, алдағы жылы баға саясаты реттелетінін жеткізді.

"Баға шарықтауының субсидиялық маршруттарға қатысы жоқ. Тасымалдаушы өз бастамасымен табыс табу үшін осындай қадамға барып отыр. Оның қаншалықты негізделгенін біз білмейміз. Олардың ішкі қаржы саясатына араласуымызға құқығымыз жоқ. Ол да нарық субъектісі. Әрине, бағаның 2-3 есеге қымбатта кеткенін көріп отырмыз. Мүмкін пойыз құрамында аз орын қалған соң, солай қымбаттатқан болар. Алдағы жылы мұндай өсімді болдырмас үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу мақсатында бірқатар шараларды қолға алып отырмыз. Нақты есептеу методикасы болу керек», - деді Әсет Асавбаев.