Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі: Жолшылар жоғы түгенделіп жатыр

Шымкент жол дистанциясының қысқа әзірлік жұмыстары аясында бірқатар жоғы түгенделіп қалды. Өткен күзгі комиссиялық тексерудің қорытындысы бойынша 48 өндірістік ғимарат тексеріліп, 78 кемшілік табылыпты. Оның 67-сі жедел ретке келтіріліп, қалғаны біртіндеп жойылуда екен.     

Дистанциядағы өндірістік ғимараттардағы кемшілікті жоюға 15 текше метр – тақтай ағаш, 80 кв метр – темір қаңылтыр, 15 рулон – руберойд, 200 кв м – линолеум, 100 м3 – терезе шынысы, 1000 дана кірпіш қажеттігі есептеп шығарылып, қысқа дейін осыларды сатып алып, кем-кетікті түгел жоюға бағытталған жұмыс жүріп жатыр екен.

Бұдан басқа, дистанция бойынша машиналар мен механизмдерді тексеруден де бірқатар кемшілік табылған. Бүгінгі таңда дистанцияда 5 ауыр типті машина бар. 23 дана автомашина жұмыс істейді. Атап айтқанда, ДГКу-1735 – 1 дана, МПТ-965 – 1 дана, АС-5 №024 – 1 дана, АГД-1А 442, АГД-1А 460 – 2 дана. Осы аталған машина механизмдерінен 57 кемшілік табылып, оның 43-і жедел жойылған.

Дистанцияның жетекші инженері Дана Өмірбаеваның айтуынша, машиналар мен механизмдердің 2018-2019 жылдары қыс уақытында қалыпты жұмыс істеулері үшін дәнекерлейтін агрегат САК – 3112 , бензоагрегат АБ-4 – 1/230, темір дәнекерлеуші аппарат ТД 500, гидравликалық ажыратқыш құрылғы , гидравликалық домкраттар ДГП-8, рельс кесетін станок «Жейсмар» К 1250, электрлі ажарлаушы «Жейсмар» МТХ 350, рельс тесетін станок – «Жейсмар» , ағаш тесетін электрлі аспап, жол ығысуын түзейтін гидравликалық құрылғы, кабель арматура – АЭС – 50 м, автомашина УАЗ фермер, МПТ-4 жол машинасы, рельстің температуралық режимін реттеуге қолданатын гидравликалық пресс, т.т. құрылғылардың техникалық ахуалы тексеріліп, кем-кетігі түгенделуде екен.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент  

Суретті түсірген автор