Таңдаған жолына деген адалдық: Теміржолшы Зайтуна Ильясова 70 жаста

Шешім қабылдауда жауапкершілік, шапшаңдық және кәсібилік - бәлкім, бұл пойыз диспетчері ие болуы керек негізгі қасиеттер болар. Зайтуна Даировна Ильясова Қостанай теміржолдың бөлімшесінде 39 жыл жұмыс істеді, оның ішінде 20 жылдан астам уақыт теміржол диспетчері, 9 жыл аға пойыз диспетчері қызметін атқарды. 

Бойжеткен қыз Целиноград теміржол техникумы мен Новосибирск теміржол көлігі институтын аяқтағаннан соң алғаш теміржолға кірген кезінде, өзін бірден өз жұмысына мұқият маман және энтузиаст ретінде көрсете білді. 

Мамандығының ауыспалы кестесі, үнемі жинақылық, жоғары талабы Зайтунаны қорқытпады, керісінше, оның сүйікті ісіне айналған жұмысқа құштарлығын ашты. 

- Менің ата-анам теміржолшылар болды, олар Астана станциясында жұмыс істеді, және мен олардың жолын жалғастырдым. Қиын болды, бірақ мен ешқашан таңдауым туралы ешқашан өкінген емеспін, - деп Зайтуна Ильясова есіне алды. 

Теміржолшы бар күш-жігерін, білімі мен тәжірибиесін теміржол желісіне арнады. 1980 жылғы теміржол көлігіндегі социалистік жарыстардың лауреаты ретінде КСРО ХШЖК қола медалімен марапатталды, үш рет Целинная теміржолының атаулы сағаттарымен, жыл сайын – Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Бірақ біздің кейіпкеріміз үшін басты жетістік - бұл Зейтуна Даированы зейнетке шыққаннан кейін де жылулықпен және шексіз құрметпен еске алатын әріптестерінің мойындауы. Оның құрметіне Қостанай қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Қостанай ЖТ бөлімшесі» филиалы ғимаратының жанында барлық теміржолшылар буынының көзін қуантатын атаулы шырша отырғызылған. 

Зайтуна Ильясова үшін отбасы әрқашан сенімді тірігі болды. Күйеуі Наджаф та теміржолшы, және ол жұбайының жұмысына әрдайым түсіністікпен қарайтын. Бірге қол ұстасып өткен 38 жыл ішінде олардың қарым-қатынасы күшейе түсті. Құрметті демалысқа шыққан Зайтуна өзін толығымен немерелерін тәрбиелеуге арнады. 

- Кез-келген қатынаста бастысы - өзара түсіністік пен құрмет екендігіне мен сенімдімін. Менің жақын адамдарымның қолдауы болмаса, мен өзімді кәсіпқой ретінде таныта алмайтын едім, - дейді ол. 

1 желтоқсанда Зайтуна Даировна 70 жасқа толды.