Бақдәулет – чемпион

Таразда қала күніне және ардагер Ержан Ахметұлын еске алуға арналған ережесіз жекпе-жектен жарысқа теміржолшылар да атсалысты.

 

        Таразда қала күніне және ардагер Ержан Ахметұлын еске алуға арналған ережесіз жекпе-жектен жарысқа теміржолшылар да атсалысты.  
        Қаладағы барлық мекемелерден келіп қатысқан өзге спортшылар арасында теміржолшы балуандар басымдық таныта білді. Атап айтқанда, жарыста «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Жамбыл филиалының күзетшісі Бақдәулет Матеев 65 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығасына байлады. Осы филиалдың кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызының айтуынша, Бақдәулет Батыбекұлы мекемеде 2017 жылдың тамыз айынан бері еңбек етіп келеді екен.
– Бақдәулеттің жасы 18-де. Ол Тараз станциясында әскерилендірілген теміржол филалында күзетші болып еңбек етеді. Өз ісіне жауапты, әрі спортты жанына серік еткен осындай жігіттердің қатарымызда болғаны абзал. Ол – ережесіз жекпе-жек бойынша талай жерде жарыстарға қатысып жүрген сарбаз. Спортпен бала кезінен айналысады. Жоғарыдағы жарыста мерейі үстем болған Бақдәулеттің әлі талай жарыстарда доданы қыздырып, жүлделі болатындығына сенімдіміз, – дейді Меруерт Бейсенбекқызы.
    Темір жол саласында, әсіресе күзет қызметінде осындай білекті де жүректі азаматтардың еңбек етуі – тек осындай жарыстарда ғана абырой алып беріп қоймай, сонымен бірге болат жолдағы қауіпсіздік пен жүктердің сақталуына қатысты халықтың сенімін нығайта түседі. Сондықтан спортты серік еткен теміржолшыларды мекеме басшылығы қашан да жан-жақты қолдауға әзір.  

Арсен Байзақ, Тараз
Суретті түсірген автор