Марапатқа лайық машинистер

Айтары жоқ, темір жол көлігіндегі ең жауапты тұлға, ол – машинист. Қозғалыс қауіпсіздігіне теміржолшылардың бәрі де жауапты, дегенмен мыңдаған жолаушы мен миллиондаған жүк тасымалын жүзеге асыратын машинистің жауапкершілігі екі есе.  Сондықтан, марапатқа  да ең алдымен мәртебелі мамандық иесі – машинист лайық болмақ.

Көлік қызметкерлері күнін Жем локомотив депосының машинистері жылдағыдай жоғары деңгейде атап өтті. Жылдағыдай ұжым басшылығының бірталай шараны осы күнге тоқайластырғаны байқалады. Депо директоры Дәулетқали Жалмұхамбетов салтанатты жиынды өткен жеті айдың қорытындысын жариялаудан бастады.

Жүк тасымалы жоспарын 104,8 пайызға, техникалық жылдамдықты 101,2 пайызға, еңбек өнімділігін 101,6 пайызға орындап, 458 тонна жанар-жағар май үнемдеп, жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Бұл ұжымның еңбек және технологиялық тәртіп талаптарын сапалы орындауы арқасында қол жеткізіп отырған жетістік. Сондықтан, бүгінгідей салтанатты күні баршаңызға алғысымды жеткіземін, – деді Құрметті теміржолшы Дәулетқали Сәлімұлы.

Одан әрі депо басшысы тепловоз машинистері Ахметов Мақсат пен Сыйлағанов Ерболатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің Мақтау қағазын тапсырды, тағы бірқатар қызметкерлер Алғыз хатпен марапатталып, жақсы жетістікке қол жеткізген 13 жас машинистке 3-ші сынып машинисі дәрежесі берілді.

Салтанатты шара әрі қарай жалғасып, ұжымдық келісімшарт талабына сай 57-59 жас аралығындағы бір топ машинист мен көмекші машинистер құрметті еңбек демалысына шығарып салынып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осыдан кейін биылғы жылы жарияланып отырған «Машинист жылы» аясындағы іс-шараға сәйкес, жоғары еңбек көрсеткішіне қол жеткізген 2-ші сыныпты тепловоз машинисі Юрий Онипко мен көмекші машинист Бауыржан Калимановке «Үздік машинист» белгісімен марапатталды.

Кезек зейнеткерлерге де келді. Он бес жыл депода ағаш шебері болып еңбек етіп, сурет-өнер саласындағы баға жетпес көркем туындыларымен депоға мол мұра қалдырған Бақытжан Қожабергенов Алғыс хатпен марапатталды.

Шара соңы спорт ойындарына ұласты.

Аманбай Қонақбай, Ембі қаласы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки