Темір жол тарихын оның басылымысыз елестете алмаймын

Кулахмет тем¦рбеков

Темір жол саласындағы  жылт еткен жаңалықты жазып отыратын  «Қазақстан теміржолшысы» газетінің кешегі және бүгінгі ұжымын басылымның 85 жылдығымен құттықтаймын!  Осынша жылдан бері теміржолшылармен бірге жасасып келе жатқан басылым шын мәнінде темір жолдың ажырамас бір бөлігіндей болып кеткені анық. Саланың өткен-кеткен тарихы да осы басылымның арқасында қаттаулы.

Менің  салалық басылыммен байланысым сонау Алматы темір жолының «Новь Турскиба» – «Түрксіб тынысы» газеттерінен басталды. 1990-2009 жылдар арасында үзбей мақала жазып тұрдым.  Жас кезімізде телім бойын тексеру үшін Мойынты, Шуға дейін барып, ондағы жұмыстың жайын, қордаланған мәселелерді көріп, соны бірлесіп шешу үшін газетке мақала беретінбіз, жол шаруашылығына енген жаңалық, техникалар, маман-кадрлар проблемасы, тіпті жол бойының қызықты оқиғалары, аға теміржолшылардың ғибратты өмір жолы,  т.т. газет бетінде жарық көріп, елдегі теміржолшылар арасында үлкен сұранысқа ие болатын. Сынайтын кезде сын мақала да жаздық.

Бүгінде  зейнет демалысындағы мен қазіргі ақпарттық техниканың, интернет, телефоннан бастап небір дамыған түрі шыққан заманында теміржолшылардың төл газетін қаншалықты оқитынынан хабарсызбын. Ал біздің кезімізде әріптестерім алдымен осы газетті ашып, күнделікті жағдаймен танысып, жұмысын бастайтын.  Темір жол – елдің күре тамыры болғандықтан, бұл газеттің де көтерер жүгі жеңіл емес. Сондықтан, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ғұмыры ұзақ болсын деп тілек айтамын.

 

Құлахмет ТЕМІРБЕКОВ, сала ардагері, Құрметті теміржолшы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки