Тасқа басылған тарих

Темір жолда еңбек еткен қырық жыл ғұмырымда серік болған «Қазақстан теміржолшысы» газетінің  биыл 85 жылдық мерейтойы аталмақ.  Осы уақыт ішінде темір жолмен қатар шығармашылық ұжымда неше толқын ауысып үлгергеніне газеттің сарғайған тігіндісін ақтарып отырып көз жеткізуге болады. Мысалы, Қазақстандағы  үш жол бірігіп ҚТЖ құрылғанға дейін әр жолдың өз газеті болды. Бізде батыс аймаққа тарайтын «Болат жол» салалық газеті жарық көріп  тұрды. Кешегі кеңес кезінде сол газеттті әрбір теміржолшы жаздырып алып, оның бетінде жарық көретін небір даулы, сыни мақалалар қалың теміржолшылар арасында пікіртаслас тудырып  жататыны есімде. Сол әдетпен бүгінгі таңда да біз, байырғы теміржолшылар төл газетіміздің әр нөмірін асыға күтуді дағдыға айналдырғамыз. Сондықтан темір жол баспасөзінің заңды мұрагері болып табылатын «Қазақстан теміржолшысы» газеті 85 жылдық мерейтойын атап өтеді дегенді естігелі елеңдеп, алғашқылар қатарында құттықтауды жөн көрдік. Газеттің шығармашылық ұжымына табыс тілеп, әрқашан теміржолшылар көңілінен шыға біліңіздер демекпіз.

Қазбек Рахметов, Қызылорда жол бөлімшесі ардагерлер кеңесі төрағасы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки