Болат жолдың айнасы

DSC_0080

Мен айтар едім, өзінің 85 жылдық тарихында «Қазақстан теміржолшысы» салалық газеті болат жолдың толық айнасына айналып үлгерді. Өткен ғасырдың басындағы темір жолдағы ғасыр құрылыстары, онда күндіз-түні тынбай еңбек еткен теміржолшылар жайлы мақалаларды тек  осы газеттің сарғайған беттерінен кездестіруге болады.

Мен өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында осы Жамбыл жол бөлімшесін басқаруға келгенімде, тәуелсіздігін алып енді-енді аяғына тұрып келе жатқан жас мемлекетімізде қиын жағдай болды. Экономикалық салқындықтар болат жолға да әсерін тигізбей қоймады. Бұл өзі бір Кеңес үкіметі тарап, бұрындары Мәскеу сынды орталыққа жалтақтап келген біздердің өз бетімізше күн көруімізге шыңдаған уақыт болды. Міне, осы уақыттарды темір жолға керек заттардың, құрылғыларға қол жете алмай қалды. Алайда, қиын-қыстау уақытта қолда барды ұқсатып, жоқтан бар жасап  жұмыс жасадық. Осы тұрғыда теміржолшылардың қиын-қыстау заманда тығырықтан жол тапқан әрбір оң қадамы, жаңашылдығы жөнінде жар салып жазған «Қазақстан теміржолшысы» салалық газеті болды. Отандық темір жол, теміржолшылар көрген барлық  қиындықты салалық газет пен оның сенімді тілшілері де бірге көрді.  Сондықтан сексен бес жылдық мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты журналист-әріптестер!

Құрметпен, Сағымбек АҚШАЛОВ,

«Құрметті теміржолшы», Жамбыл жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки