Салауатты өмір үшін

Ақтау көлік колледжінде «Салауатты өмір үшін» деген атпен білім ошағының студенттері мен ұстаздар арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

       Тұңғыш рет мұғалімдер мен студенттерден құралған екі команда құрылып, оқытушылар тобын Ақтау көлік колледжі директоры Болат Досжановтың өзі бастады. Қорытынды есеп бойынша ұстаздар құрамасы әрине басымдықпен жеңіске жетті. Дегенмен, мұғалімдерімен шеберлік  жарыстырған шәкірттер де осалдық танытпады және бұл болашақ теміржолшыларды ерекше ынталандырды. Оның үстіне жақсы ойын көрсеткен шәкірттер мадақталып,  сыйлықтарға ие болды.  

 – Елбасымыз 2020 жылға дейін ел тұрғындарының 30 пайызы спортпен айналысу керек деп талап қойғаны белгілі. Соған сәйкес жыл сайын колледжімізде түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастыру соңғы кезде дәстүрге айналды. Әрине, спортпен шұғылдану кім-кімге де артықтық етпейді. Әсіресе темірдей табандылықты талап ететін теміржол саласына машықтанып жүрген жастардың жақынырақ дос болғаны – нұр үстіне нұр. Сол үшін де мақсатымыз студенттерге салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, осындай еркін басқосулар арқылы шәкірттер мен ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, – дейді М.Тынышбаев атындағы ҚазККА директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Кезбаева.

 

Шахизат Сарина,

Маңғыстау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Показать кнопки
Скрыть кнопки